Түркияның әскери кемесі Сомалиге жеттi

Түркия Қорғаныс министрлігіне тиесілі әскери кеме Сомалиде мемлекеттік рәсіммен қарсы алынды.

2131471
Түркияның әскери кемесі Сомалиге жеттi
somali hasan seyh mahmud.jpg
turkiye somali gemi.jpg

Сомали мен түрік үкіметтері арасында қорғаныс және экономика салаларында қол қойылған келісім аясында түрік әскери кемесі бас қала Могадишоға келді.

ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігіне тиесілі әскери кемені қарсы алу рәсіміне Сомали Мемлекет басшысы Хасан Шейх Махмуд, Сомали министрлері және Түркияның Сомалидегі елшісі Альпер Акташ қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген мемлекет басшысы Махмұд «Түркиядағы бауырларымыздың үкіметі бізге талай рет қолдау көрсеткен, біз таныған елдер мен адамдар қатарында орын алады. Аумақтық бірлігімізді сақтау тұрғысынан осы маңызды келісім мен ынтымақтастыққа арқа сүйейтін дос әрі бауырлас ел».

Президент Режеп Тайып Ердоғанға алғысын білдірген Махмуд осы келісімнің арқасында Сомали теңіз күштерінің қайтадан күшейетінін және өз теңіздерін өзі қорғау мүмкіндігіне қол жеткізетінін тілге тиек етті.

Түркия мен Сомали арасында қол қойылған келісімнің екі бауырлас ел арасындағы берік байланыстың көрсеткіші екенін айтқан Елші Акташ болса, Түркияның Сомалидің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау аясында қолдаудың табандылықпен жалғасатынын атап көрсетті.

Акташ «Сомалидің қауіпсіздігі Түркияның да қауіпсіздігі. Біз ешқашан Сомалидің тұрақтылығын өз еліміздің тұрақтылығынан бөлек қарастырған емеспіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар