Ердоған Түркияға келген Германия президентімен кездеседі

Ердоған ресми сапармен Түркияға келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездеседі.

2131227
Ердоған Түркияға келген Германия президентімен кездеседі

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Түркияға келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездеседі.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған өзінің шақыруымен Түркияға ресми сапармен келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Президенттік кешенінде қабылдайды.

Ресми кездесуде Түркия мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар жан-жақты талқыланып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін не істеуге болатыны бағаланады.

Кездесуде Израильдің Палестина жерлеріне жасаған шабуылдары мен аймақтағы соңғы жағдай, Украина мен Ресей арасында жалғасып жатқан соғыстағы соңғы өзгерістер, Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастары, жаһандық және аймақтық мәселелер талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар