Ердоған балаларды Президенттік кешенінде қабылдады

Ердоған 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне орай балаларды Президенттікте қабылдаудан өте қуанышты екенін айтты.

2131291
Ердоған балаларды Президенттік кешенінде қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған балаларды Президенттік кешенінде қабылдады.

Ердоған сөзінде  балаларды 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесімен құттықтады.

Балалар мерекесінде балаларды Президенттікте қабылдаудан өте қуанышты екенін білдірген Ердоған бүкіл әлем балаларына сүйіспеншілігін білдірді.

Президент Ердоған Түркияның қазіргі жағдайына үлес қосқандардың барлығын, әсіресе Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің бірінші төрағасы, Тәуелсіздік соғысының бас қолбасшысы және Ұлы Отан соғысының негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті құрметпен еске алатынын айтты. Ердоған 23 сәуірде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуының 104 жылдығын да толйлағанын еске салды.

Ердоған «Әрине тарихымыздағы осындай айтулы күннің болашағымыздың кепілі болып табылатын бүлдіршіндерге сыйға тартылуы кездейсоқ емес, бұл мемлекетіміздің балаларға үлкен мән беріп отырғанының көрсеткіші. «Түрік ғасыры»  жобамызды сендерге сеніп тапсырдық. Президент ретінде  бұл сенімді сәтті түрде орындайтыныңдарыңа шын жүректен сенімдімін» деді.



Ұқсас жаңалықтар