Ердоған 1915 жылғы оқиғаға байланысты мәлімджеме жасады

Президент Ердоған түрік армяндарының патриархы Сахак Машалянға 1915 жылғы оқиғаға байланысты хабарлама жолдады.

2131519
Ердоған 1915 жылғы оқиғаға байланысты мәлімджеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған бірде-бір армян азаматының өз отанында шеттетілуіне немесе өзін екінші сортты сезінуіне жол бермейтіндерін мәлімдеді.

Президент Ердоған түрік армяндарының патриархы Сахак Машалянға 1915 жылғы оқиғаға байланысты хабарлама жолдады.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың (1914-1918) қиын жағдайында қаза тапқан Османлы армяндарына көңіл айтқан Ердоған бұл соғыстың Османлы жерінде келтірген қирауының естеліктерде терең із қалдырғанын баса айтты.

Ердоған Анадолы жерін өндірген мәдени және адами туындыларымен байытқан армян азаматтарының қауіпсіздігі, әл-ауқаты және бақытының бүгінгі күні де кепілдендірілгенін атап көрсетті.

Президент Ердоған «Біз бірде-бір армян азаматының өз отанында шеттетілуіне немесе өзін екінші сортты сезінуіне жол бермедік және бермейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар