Президент Иракта кездесулер жүргізді

Кездесулерде аймақтық және жаһандық мәселелер мен терроризммен күрес талқыланды.

2130895
Президент Иракта кездесулер жүргізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың Эрбиль қаласында Ирак Күрд Аймақтық Үкіметінің төрағасы Нечирван Барзани, премьер-министрі Масрур Барзанимен кездесті.

Кездесулерде аймақтық және жаһандық мәселелер мен терроризммен күрес талқыланды.

Ердоған Түркияның терроризммен күресте бірлікке мән беретінін және оны келесі деңгейге көтеруге бел байлағанын білдірді.

Президент Ердоған Иракпен жан-жақты құқықтық мәтіндерге қол қойылғанын және бұл ынтымақтастық перспективасының Ирак Күрд Аймақтық Үкіметі аймағын да қамтитынын айтты. Ол Бағдатта қол қойылған «Даму жолы»  меморандумының бүкіл Ирактың игілігі мен тыныштығына қызмет ететінін атап көрсетті.  

Түркияның Ирак Күрд Аймақтық Үкіметімен сауда қарым-қатынастарын жақсартуға деген ұмтылысын білдірген президент Ердоған Овакөй-Фишхабур шекара қақпасының тез арада ашылуы және Дережик-Зети шекара қақпасынан көліктердің өте бастауының маңызды екенін айтты.

Президент Ердоған сонымен бірге аймақтағы түрікмендердің құқықтары мен мүдделерінің, әсіресе саяси өкілдігінің қорғалатынына деген сенімін білдірді.

Президент Ердоған Ирактағы кездесулерін аяқтап, Анкараға оралды.



Ұқсас жаңалықтар