Президент Ирак сапарына баға берді

“PKK/PYD/YPG террор ұйымы Ирактың тұрақтылығына, дамуы мен тыныштығына қауіп төндіреді" деді ол.

2131069
Президент Ирак сапарына баға берді

Президент Режеп Тайып Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жойылуының Иракқа да пайдалы екенін айтты.

Президент Ердоған Ирак сапарынан қайтарда ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Кешегі Ирак сапарында соңғы уақытта қарқын алған екі жақты қарым-қатынастарды талқылағандарын атап көрсеткен Ердоған әсіресе терроризммен күрес, сауда, көлік, энергетика және климаттың әсерлері сияқты салаларда басылатын қадамдарды қолға алғандарын білдірді.

Ирактың жақында террор ұйымы PKK-ны тыйым салынған ұйым деп жариялағанын еске салған Ердоған «Еліміздің осы шешімге риза болғанын білдірдік» деді.

Террормен күресті Иракпен бірге жүргізгісі келетіндерін атап көрсеткен Ердоған “PKK/PYD/YPG террор ұйымы Ирактың тұрақтылығына, дамуы мен тыныштығына қауіп төндіреді. Бұл қауіпті жою Ирактың да мүддесіне пайдалы. Олар бұл ақиқатты көріп, осы мәселені жоюға өз ерік-жігерін көрсетеді деп ойлаймын” деді.



Ұқсас жаңалықтар