Елде балалар мерекесі тойланып жатыр

Анкарада мәжіліс ғимараты алдындағы Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

2130932
Елде балалар мерекесі тойланып жатыр
kapadokya 23 nisan.jpg
kapadokya 23 nisan.jpg
23 nisan anitkabir.jpg

23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі елдің түкпір-түкпірінде қызу тойлана бастады.

23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі мен  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылғанына 104 жыл толуына орай Анкарадағы мәжіліс ғимаратында Ататүрік ескерткіші алдында салтанатты шара өтті.

Салтанатты шарада Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Ататүрік ескерткішіне қызыл және ақ қалампыр гүл шоғын қойды.

Ұлттық білім беру министрі Юсуф Текин де ұстаздар және оқушылармен бірге 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне орай Түркия Республикасының негізін қалаушы ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүріктің мәңгілік мекені Анытқабірге барды.

Невшехирдің туризм орталығы Каппадокияда 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күніне орай әуе шарлары түрік жалауын іліп ұшты.

Ванның Эрджиш ауданында оқушылар ауылдарында кортеж шеруі ұйымдастырды. Ауыл тұрғындары оқушыларға кәмпит пен шоколад ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар