Бүгін 23 сәуір

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ашылған күн және Ұлттық егемендік және балалар мерекесі.

2130879
Бүгін 23 сәуір

 

Ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік балаларға сыйлаған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ашылған күн және Ұлттық егемендік және балалар мерекесі.

Түркия Республикасының құрылуына байланысты ең үлкен қадам осыдан тура 104 жыл бұрын басылған.

Ұлттық мәжіліс жиналды. Анадолы халқы соғыстардан қажыған кез болатын. Мәжіліс ашылып, халық Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығында өз тағдырын өзі анықтау үшін қадам басты. Бұдан былай егемендік сөзсіз ұлтқа тиесілі болды.

Міне,  23 сәуір мереке ретінде тойланып келе жатқанына ғасырдан астам уақыт өтті.

Ататүрік әу бастан-ақ азаттықты мәжіліс және ұлттық ерік-жігер арқылы атқарғысы келген еді. Әрбір қимылын  ұлтты танытатын ерік-жігерге жету үшін есептеп отырды. Сол секілді «Бүкіл әлем білуі керек, енді бұл халықтың басында ешқандай лауазым жоқ, бір ғана билік бар, ол - ұлттық егемендік» деген болатын.

Ұлттық мәжіліс Анкарада 1920 жылы 23 сәуірде жұма намазынан кейін халықтың дұғасымен ашылды. Бірінші күні 115 өкілмен жиналды. Беташар  сөзді жасы ең үлкен мүше Синоп депутаты Шериф Бей оқыды.

Гази Мұстафа Кемал жаңа мәжілістің төрағасы болып бірауыздан сайланды. Анкарада жаңа мемлекеттің іргетасы қаланды.

Тәуелсіздік жолындағы күресте қаншама қиындыққа қарамастан ұлттық ерік-жігер басым болды.

23 сәуір 1921 жылы Ұлттық мереке ретінде тойлана бастады.

Ұлы көшбасшы Ататүрік бұл мерекені балаларға 1929 жылы 23 сәуірде сыйға тартты. Ататүріктің 23 сәуірді балаларға арнауының себебі тек оларға деген махаббаты емес. Мұстафа Кемал балаларды ұлттық егемендіктің негізі деп есептеді.

Сол жылдары жетім балаларға қамқорлық жасау республиканың негізін қалаушылардың маңызды басымдықтарының бірі болды. Мерекені балаларға арнау адамзаттың оларға деген жауапкершілігін білдірді.

Сәуірдің 23-і бүкіл әлем балалары үшін бейбітшілікті аңсаудың ұраны  болды. Ататүріктің балаларға берген сыйы әлем халқы тарапынан үлкен ілтипат пен алғысқа бөленді. Бұл балалардың құқығы мен болашағы үшін өнегелі іс ретінде тарихта қалды.



Ұқсас жаңалықтар