Президент Ердоған Иракта

Президент Ердоған Бағдатта Ирак президенті Абдуллатиф Рашидпен кездесті.

2130750
Президент Ердоған Иракта

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың астанасы Бағдатта әріптесі Абдуллатиф Рашидпен кездесті.

Коммуникация басқармасының әлеуметтік медиа аккаунтынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоғанның Рашидпен кездесуінде Түркия мен Ирак арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, Израильдің Газаға жасаған шабуылдары, аймақтық және жаһандық мәселелер мен терроризммен күрес талқыланды.

Кездесуде Ердоған Түркияның террор ұйымы PKK-мен күресіне байланысты Ирактан күтетінін, Ирактың террордың барлық түрінен тазартылуы керектігін білдірді.

Ирактың тұрақтылығы үшін Бағдат пен Солтүстік Ирак аймақтық үкіметі арасындағы қарым-қатынастардың дұрыс жолға қойылуының маңызды екенін және түрікмендердің лайықты позицияға жетуінің маңызды екенін атап көрсеткен Ердоған Израильдің Газадағы қысымын тоқтату үшін күш-жігердің жалғасып жатқанын айтты. Ол мұсылман елдердің бірге қозғалуы керектігін атап көрсетті.

Президент Ердоған бір күндік сапары аясында Бағдатта премьер-министр Мұхаммед Шиа әл-Суданимен де кездесті.

Ердоған мен Судани кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізіп, екі ел арасында келісімдерге қол қойылады.

Президент Ердоған артынан Эрбильге барады.



Ұқсас жаңалықтар