Түркия әскери делегациясының Грекияға сапары

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

2130357
Түркия әскери делегациясының Грекияға сапары

Құрлық күштері қолбасшылығы 4-ші механикаландырылған жаяу әскер бригадасы қолбасшысы генералы Эрхан Акгүл басшылығындағы әскери делегация Грекия 31-ші механикаландырылған жаяу әскер бригадасы қолбасшылығында болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі түрік әскери делегациясының Грекиядағы 31-ші механикаландырылған жаяу әскер бригадасы қолбасшылығына барғанын хабарлады.

Түркия мен Грекия арасындағы сенімді арттыратын шаралар аясында 18-19 сәуір күндері арасында Грекияның Фережик қаласындағы 31-ші механикаландырылған жаяу әскер бригадасы қолбасшылығына жасаған сапарда генерал Акгүл басшылығындағы әскери делегацияға Түркияның Грекиядағы  әскери атташесі артиллерия полковнигі Али Актемур жетекшілік жасады.



Ұқсас жаңалықтар