Президент Иран-Израиль шиеленісіне қатысты мәлімдеме жасады

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

2129961
Президент Иран-Израиль шиеленісіне қатысты мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран-Израиль шиеленісіне қатысты «Әзірге таң қалдырмайтын мәлімдеме жоқ» деді.

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Ердоған Израиль мен Иран арасындағы шиеленіс туралы «Израиль мен Иран әртүрлі көзқарасты алға тартуда. (Иранға қарсы шабуылдар үшін Израиль жағында жауапкершілік жоқ) Ешқандай мойындау жоқ және бұл тақырып бойынша шынында да ақылға қонатын бір мәлімдеме де жоқ. Иран жасаған мәлімдемелерді «Бұлар шындықты айтады» дей алмайсыз. Израиль туралы (мәлімдемелерін) бәрібір ештеңе айта алмайсыз, (Израиль тарапы Иранға жасалған шабуыл тақырыбындағы мәлімдемені жасау үшін) Америка Құрама Штаттарын (АҚШ) жұмсауда» деді.

Ирандық БАҚ Иран Әуе күштері базасы орналасқан Исфахан уәлаятының солтүстік-шығысында жарылыстардың естілгенін хабарлады.

Осыдан кейін бас қала Тегеран, Исфахан мен Ширазда және Иранның кейбір аймақтарында әуе рейстерінің тоқтатылғаны жарияланды.

Америкалық БАҚ Израильдің Иран территориясына шабуыл жасағанын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар