Сирияның солтүстігінде 4 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі PKK/PYD мүшесі бір террористтің де Шанлыурфа қаласында ұсталғанын білдірді.

2128834
Сирияның солтүстігінде 4 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ден 4 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде террорға және террористтерге жол берілмейтіні баса айтылып, «Түрік Қарулы күштері Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында анықтаған PKK/YPG-ге мүше 4 террористті залалсыздандырды» делінді.

Екінші жағынан Сирия шекарасынан елге өтпек болған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD мүшесі бір террорист Шанлыурфа қаласында ұсталды.

Террористке қатысты сот ісі қозғалды.



Ұқсас жаңалықтар