Ердоған Иран-Израиль шиеленісіне тоқталды

Президент Ердоған Иранмен шиеленістің жалғыз жауаптысының Беньямин Нетаньяху екенін мәлімдеді.

2128625
Ердоған Иран-Израиль шиеленісіне тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Иранмен арадағы шиеленістің жалғыз жауаптысының Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху екенін атап, «Газа секторындағы қысым мен геноцид тоқтамайынша, аймағымыздың жаңа шиеленістерге ашық екені анық» деді.

Президент Ердоған президенттік кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады.

Ердоған өз сөзінде Тегеран мен Тель-Авив арасындағы шиеленістің күшеюіне назар аударып «Тура 193 күн бойы бүкіл әлемнің көз алдында (Газа секторында) геноцид жасап келе жатқан және қоғамдық қысымды азайту үшін неше түрлі қырғын көрсеткен Нетаньяхудан басқа емес. 13 сәуір күніне қараған түні жүрегімізді дүр сілкіндірген шиеленістің басты себебі Нетаньяху мен оның қанішер әкімшілігі» деді.

Түркия Президент ретінде әсіресе соңғы екі күннен бері Газа секторындағы қырғындарды ұмыттырмау үшін байланыстарын арттырғанын атап көрсеткен Президент «Отқа май құйып, Нетаньяху әкімшілігін үнемі еркелету ешкімге жақсылық әкелмейді. Газа секторындағы қысым мен геноцид тоқтамаса, аймағымыздың жаңа шиеленістерге шық екені анық» деді.



Ұқсас жаңалықтар