Сыртқы істер министрі Фидан Блинкенмен сөйлесті

Министр Фидан америкалық әріптесіне Түркияның аймақтағы дағдарыстың ұлғаюы мен таралу мүмкіндігіне алаңдайтынын білдірді.

2127631
Сыртқы істер министрі Фидан Блинкенмен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан америкалық әріптесі Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, Фидан мен Блинкен телефон арқылы сөйлескен кезде Иранның Израильге қарсы шабуылынан кейінгі аймақтағы қазіргі жағдайды талқылады.

Министр Фидан америкалық әріптесіне Түркияның аймақтағы дағдарыстың ұлғаюы мен таралу мүмкіндігіне алаңдайтынын білдірді.

Израиль-Иран мәселесінің түбінде Газадағы соғыстың жатқанын айтқан Фидан Блинкенге шұғыл түрде (бұл аймақта) атысты тоқтатудың жариялануы және Газаға «үзіліссіз гуманитарлық көмектің» жеткізілуі керек екенін, әйтпесе дағдарыстың жалғасатынын еске салды.

Фидан сонымен қатар Израильге ықпалы бар елдер шиеленістің ушығуына жол бермеу үшін ең дұрыс мәлімдеме жасауы керектігін айтты.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер телефон әңгімесіне байланысты жазбаша мәлімдемесінде Блинкеннің Фиданға Түркияның Таяу Шығыстағы шиеленісті азайту әрекеті үшін алғыс айтқанын білдірді.

Блинкен өз елінің Израильдің қауіпсіздігіне деген адалдығын атап өтті.

Энтони Блинкен Сыртқы істер министрі Фиданмен қоса  Сауд Арабиясы, Мысыр, Иордания және Ұлыбритания сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлескен кезде Израиль-Иран шиеленісін талқылап, аймақтағы шиеленістің ұлғаюын қаламайтындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар