Фидан: "Аймақтағы шиеленіс одан әрі жалғаспау керек"

Министр Фидан Иран және Ұлыбритания сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті.

2127490
Фидан: "Аймақтағы шиеленіс одан әрі жалғаспау керек"

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иранның Израильге жасаған шабуылынан кейін тиісті елдермен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімесінде аймақтағы шиеленістің одан әрі жалғаспау керектігін баса айтты.

Хакан Фидан алғаш байланысын Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиянмен телефон арқылы жасады.

Министр Фидан Абдуллахиянға Иранның 13 сәуір күні түнде Израильге бағытталған шабуылының артынан аймақтағы жағдайдың одан әрі шиеленісуін қаламағандарын және шиеленісті арттыратын қадамдардың дереу тоқтатылуын сұрады.

Иран Сыртқы істер министрі де Израильге қарсы жауап қайтару операциясының аяқталғанын және Иранға шабуыл жасалмайынша, жаңа операцияға кіріспейтінін мәлімдеді.

Абдуллахиан егер Иранға тағы да шабуыл жасалса, бұл жолы одан да қатаң жауап қайтаратынын да ескертті.

Сыртқы істер министрі Фидан Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронмен де телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында екі министр аймақтағы шиеленістің одан әрі жалғаспау керектігі тақырыбында ортақ көзқараста екендерін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар