Ердоған Исмаил Ханийеге көңіл айтты

Ердоған Израиль шабуылында балалары мен немерелері шейіт болған Хамас саяси бюросының төрағасы Исмаил Ханийеге көңіл айтты.

2126649
Ердоған Исмаил Ханийеге көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль шабуылында балалары мен немерелері шейіт болған Хамас саяси бюросының төрағасы Исмаил Ханийеге көңіл айтты.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған Ханийемен телефон арқылы сөйлесті.

Президент Ердоған Израиль шабуылында балалары мен немерелерінің шейіт болғаны үшін Ханийене көңіл айтып, әңгімеде Израильдің адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары үшін заң алдында міндетті түрде жауап беретінін білдірді.

Осы барыста вице-президент Джевдет Йылмаз әлеуметтік медиа парақшасында бөліскен хабарламасында Израиль шабуылында үш баласы мен төрт немересі шейіт болған Хенийеге көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар