Ердоған Салман Әл Саудпен сөйлесті

Президент Ердоған әңгімеде Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

2126125
Ердоған Салман Әл Саудпен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгімеде Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, жаһандық және аймақтық мәселелер талқыланды.

Әңгіме барасында  Ердоған Израильдің Палестинаға қарсы шабуылдарын тезірек тоқтату және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің атысты тоқтату шешімін орындау үшін көбірек талпыныс жасап, ислам әлемінің бірлік көрсетуі керектігін білдірді.

Президент Ердоған әңгімеде Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасын Ораза айт мерекесімен де құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар