Президент Ердоған жамағатқа үн қатты

Азаматтарды Қадір түнімен құттықтаған президент Ердоған «Алла жүректеріңізді бір қылсын» деді.

2125498
Президент Ердоған жамағатқа үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулдағы Айя-София мешітінде оқыған жұма намазынан кейін жамағатқа үн қатты.

Азаматтарды Қадір түнімен құттықтаған президент Ердоған «Алла жүректеріңізді бір қылсын» деді.

Израильдің Газадағы шабуылдарына тоқталған президент Ердоған «Ол жерде бауырларымыз Израильдің зұлымдығында. Лейли Қадір (Қадір кеші) дұғаларымен Алла бұл бауырларымызды зұлымдықтан құтқарсын. Қолымыздан келген қолдау мен көмектің барлығын жеткізіп жатырмыз» деді.

Бірлік пен ынтымақтың маңыздылығына назар аударған президент Ердоған Құран Кәрімде «Әли Имран» сүресінің 103-ші аятын оқып, “Барлығың Алланың жібінен, яғни Құраннан мықтап ұстаңдар. Айрылып қалмаңдар. Бүкіл мәселе осында. Бөлінбейміз. Бірлік боламыз, бірге боламыз. Осы орайда Алла күш-қуатымызды арттыра берсін. Алла Тағала бізді айт мерекесіне жеткізеді деп сенемін” деді.



Ұқсас жаңалықтар