Түркия Газаға гуманитарлық көмегін жалғастыруда

Түркияның Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету көрсеткіші 23 пайызға жетті.

2123974
Түркия Газаға гуманитарлық көмегін жалғастыруда

Израиль Қорғаныс министрлігіне қарасты Аймақтардағы үкіметтік іс-әрекеттерді үйлестіру (COGAT) сайтындағы мәліметтерге қарағанда, Түркия Израиль шабуылдарына ұшыраған Газа секторына ең көп гуманитарлық көмек жеткізген 2-ші ел болды. Түркияның гуманитарлық көмек көрсеткіші 23 пайызға жетті.

COGAT-тың 31 наурыздағы деректеріне сәйкес, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) 26 пайыздық гуманитарлық көмек деңгейімен бірінші орында болды. Көмектің 23 пайызын жіберген Түркия ең көп көмек көрсеткен екінші ел болды. Түркиядан кейін 16 пайызбен Сауд Арабиясы, 8 пайызбен Катар тұр.

COGAT-тың сол күнгі жазбасына сәйкес, 26 наурызда Газа секторына кіруге рұқсат етілген 21 жедел жәрдем көлігінің 9-ы Түркия тарапынан тарапынан жіберілді. Түркия бұл жағынан бірінші орында тұр. Кувейт 8 жедел жәрдем көлігімен Түркияның кейін орын алды.

Түркия Израиль шабуылдары басталғаннан бері Мысырмен үйлестіре отырып, Газаға жан-жақты гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар