Министр Фидан НАТО жиналысына қатысады

Түркия терроризммен күресті НАТО саммитінің күн тәртібіне әкеледі.

2123513
Министр Фидан НАТО жиналысына қатысады

НАТО Сыртқы істер министрлері 2024 жылдың бірінші отырысы үшін 3-4 сәуір күндері аралығында Бельгияның бас қаласы Брюссельде бас қосады.

Жиналысқа Түркия атынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан қатысады.

Жиналыстың күн тәртібінде жалпы бас тартқызушы тақырыптар, терроризммен күрес және Украинадағы оқиғалар болады.

Швеция мен Финляндияның мүшеліктерінің артынан Одақтың соңғы жағдайы мен Вашингтон саммитінің дайындықтары да күн тәртібінде болмақ.

Жиында министр Фидан НАТО-ның терроризммен бірлесе күресу керектігін, мұның одақтың міндеттерінің бірі екенін ескертпек.

Министр кейбір НАТО мүшелерінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-мен серіктестік қарым-қатынасының қабылданбайтынын жеткізеді.

Хакан Фидан сондай-ақ одақтастардың қорғаныс өнеркәсібі саласында бір-біріне санкция мен шектеулер енгізуінің одақ рухына қайшы екенін атап, Түркияның Еуропаның қорғаныс және қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуі туралы көзқарастарын жеткізеді.

Жиналыс форматы аясында министр Фиданның британдық, неміс, бұлғар және фин әріптестерімен екіжақты кездесулері жоспарланған.



Ұқсас жаңалықтар