Президент Ердоған дауыс берген соң мәлімдеме жасады

Президент Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған Стамбулдың Үскүдар қаласында дауыс берді.

2122726
Президент Ердоған дауыс берген соң мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған жергілікті сайлау нәтижесінің ел мен ұлтқа жақсылық әкелуін күтетінін мәлімдеді.

Президент Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған Стамбулдың Үскүдар ауданында дауыс берді.

Ердоған дауыс берген мектепте азаматтар оған сүйіспеншілік танытты.

Президент Ердоған дауыс берген соң мәлімдеме жасады.

Сайлау барысында өте қызу науқан жүргізгендерін атап көрсеткен Ердоған «Жергілікті әкімшіліктерден еліміз бен ұлтымыз үшін жақсы нәтиже шығады деп үміттенемін. Бұл сайлау елімізде жаңа кезеңнің басталуына себеп болады. Бір жағынан парламент пен президент сайлауы, екінші жағынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау, бұлар елімізде жаңа кезеңнің, жаңа ғасырдың бастауы болады, деп сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар