Ердоған жергілікті сайлау туралы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында 31 наурызда өтетін жергілікті сайлау туралы жазба бөлісті.

2121933
Ердоған жергілікті сайлау туралы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған «X» аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде былай деді: «Түркияның 85 миллионнан астам халқы бар. Біз барлық айырмашылықтарымызбен бірге үлкен отбасымыз. Сайлау әнімізде  айтқандай: Бәріміз бір бақшаның раушан гүліміз, бір таудың желіміз. Осы бірлікті неғұрлым берік ұстансақ, болашағымызға соғұрлым сеніммен қарай аламыз. Біздің саяси көзқарастарымыз, жақсы көретін партияларымыз, шыққан тегіміз және өмір салтымыз әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ Түркия біздің ортақ жеріміз, ортақ шаңырағымыз, ортақ үйіміз. Ұлттық ерік-жігердің бейнесі болып табылатын сайлау жәшігі бәріміздің абыройына аманат. Біз сайлауға бару, дауыс беру және дауысымызды қорғау арқылы демократиямызға деген жауапкершілікті орындаймыз. 31 наурызда өтетін сайлау елімізге, ұлтымызға пайдалы болады деп сенемін».



Ұқсас жаңалықтар