Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре Түркияға риза

Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре Түркияның тұрақты одақтас  екенін айтты.

2121421
Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре Түркияға риза

Сомали «SONNA» ақпарат агенттігінің  хабарлауынша, Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре Түркияның Сомали елшісі болып тағайындалған Алпер Акташты қабылдағаннан кейін жасаған мәлімдемесінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарға тоқталды.

Елінің Түркиямен терең  бауырластық және ынтымақтастық тарихы бар екенін түсіндірген  Барре «Түркия біздің тұрақты одақтасымыз» деді.

Премьер-министр Барре елші Ақташты жаңа қызметімен құттықтап, қиын кезеңде Сомалиге қолдау көрсеткен Түркияның түрлі даму жобаларына да елеулі үлес қосқанына назар аударды.

Елші Акташ қарым-қатынастарды нығайта беретіндерін айтып, Сомали үкіметі мен халқының көрсеткен жылы қонақжайлылығына риза екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар