Газаға сегізінші көмек кемесі аттанады

Гуманитарлық көмек кемесі Мерсин портынан аттанады.

2121339
Газаға сегізінші көмек кемесі аттанады

Түркияның 8-ші гуманитарлық көмек кемесі Мерсин портынан Газа халқы үшін жолға шықты.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) мәлімдемесіне қарағанда Түркия Израиль шабуылдарының нысанасы болған Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастыруда.

Соңғы рет Қорлар бас басқармасының басшылығында дайындалған 8-ші гуманитарлық көмек кемесі жергілікті уақытпен сағат 13.00-де Мерсин портынан аттанады.

Газа секторындағы Палестина халқына жәрдем кемесі арқылы 2 мың 960 тонналық 125 мың азық-түлік пакеті жіберіледі.

Түркия Израиль шабуылдары басталған 7 қазаннан бері 13 ұшақ және 7 кемемен Газа секторы халқына гуманитарлық көмек материалдарын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар