Бір аптада 38 террорист залалсыздандырылды

1 қаңтардан бері залалсыздандырылған террорист саны 646-ға жетті.

2121596
Бір аптада 38 террорист залалсыздандырылды

Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген операцияларда соңғы бір аптада 38 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз брифингінде Түрік Қарулы Күштерінің террормен күресінің табандылықпен жалғасып жатқаны хабарланды.

Соңғы аптада PKK/KCK/PYD-YPG, ДАИШ және FETÖ  сияқты барлық террор ұйымдарына қарсы жүргізілген операциялармен Ирак пен Сирияның солтүстігінде 38 террористтің залалсыздандырылғаны айтылды.

1 қаңтардан бері залалсыздандырылған террорист санының 646-ға жеткені, сондай-ақ оның 268-і Ирактың солтүстігінде, 378-і Сирияның солтүстігінде екені атап өтілді.

Осы аптада Ирактың солтүстігіндегі паналау өңірінен қашқан тағы бір PKK террористінің Хабурдағы шекара бекетіне берілгені  хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар