Ердоған терроризммен күрестегі табандылықты қайталады

Ердоған партиясының Диярбакырдағы митингісінде терроризммен күреске тоқталды.

2121197
Ердоған терроризммен күрестегі табандылықты қайталады

Президент Режеп Тайып Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны ел шекарасында қозғала алмайтын және әрекет ете алмайтын жағдайға жеткізгендерін айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының Диярбакырдағы митингісінде терроризммен күреске тоқталды.

«Ұлттық мүддемізді қорғаған кезде,  кімнің құйрығына бассақ, олар бірден PKK-ға бет бұрады. ДАИШ деген империалистік қуыршаққа қарсы күресіміз жалғасуда» деген Ердоған PKK-ны ел шекарасында қозғала алмайтын немесе әрекет ете алмайтын жағдайға жеткізгендерін атап көрсетті.

Ердоған «Біз өз шекарамыздан тыс, кезең-кезеңмен бақылауды қолға алып жатырмыз. Біздің айналамыздағы елдердің көпшілігі соғыстың шеңберде жанталасып жатыр. Бұндай қиын кезде, біз қауіпсіздігімізді, тыныштығымызды, амандығымызды, тұрақтылығымыз және өркендеуімізді бұзуға тырысқандарға  ешқашан рұқсат бермейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар