Түркия Дін істері қоры Рамазан айына орай азық-түлік таратты
Түркия Дін істері қоры Либерияда мұқтаж 1000 отбасына азық-түлік таратты.
2119149
Түркия Дін істері қоры Рамазан айына орай Батыс Африка елдерінің бірі Либерияда мұқтаж 1000 отбасына азық-түлік таратты.
Түркия Дін істері қоры Либерия командасы астана Монровиядағы, сондай-ақ Лофа, Боми және Бонг аймақтарындағы жүздеген отбасыларға күріш, қант, май, макарон, ұн және тұздан тұратын пакеттерді жеткізді.
Азық-түлік пакеттерін алған облыс тұрғындары Түркия мен түрік халқына алғыстарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Оливер Вархели Түркияға ресми сапармен келеді
Еуропа Одағының Көршілік және кеңею комиссары Оливер Вархели Түркияға ресми сапармен келеді.