Түркия  Газа секторына ең көп  көмек жеткізген екінші ел болды

Түркия Газаға жан-жақты гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастыруда.

2119023
Түркия  Газа секторына ең көп  көмек жеткізген екінші ел болды
Turkiye gazze yardimlar.jpg
Turkiye gazze yardimlar1.jpg

Түркия Израиль шабуылдарына ұшыраған Газа секторына ең көп гуманитарлық көмек жеткізген екінші ел болды.

Израиль Қорғаныс министрлігіне қарасты аумақтардағы үкімет қызметінің үйлестірушісі веб-сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Израиль тосқауылын  жалғастырып жатқан және өте аз мөлшерде кіруге рұқсат беретін көмектің 27 пайызы Біріккен Араб Әмірліктерінен  және 19 пайызы Түркиядан жіберілді. Түркиядан кейін 18 пайызбен Сауд Арабиясы және  8 пайызбен Катар тұр.

Түркия Израиль шабуылдары басталғаннан бері Мысырмен үйлестіре отырып, Газаға жан-жақты гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастыруда.

 



Ұқсас жаңалықтар