ТИКА Рамазан бағдарламалары аясында азық-түлік таратты

ТИКА Рамазан бағдарламасы аясында Иерусалим, Босния-Герцеговина және Молдоваға азық-түлік таратты.

2118697
ТИКА Рамазан бағдарламалары аясында азық-түлік таратты

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Рамазан бағдарламасы аясында Иерусалим, Босния-Герцеговина және Молдоваға азық-түлік таратты.

ТИКА Рамазан бағдарламалары аясындағы азық-түлік таратқаны туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге қарағанда ТИКА азық-түлік пакеттерін таратып, Босния және Герцеговинаның Требинье қаласында барлық этникалық топтар қатысқан ауызашар бағдарламасын ұйымдастырды.

ТИКА және Палестина Қоғамдық даму министрлігі Иерусалим уәлаяты басқармасының ынтымақтастығымен, Рамазан айына орай Иерусалим және төңірегінде тұратын мұқтаж 500 палестиналық отбасына негізгі қажеттіліктерден тұратын азық-түлік пакеттері таратылды.

Молдованың астанасы Кишиневте ТИКА дайындаған азық-түлік пакеті ел бойынша барлығы 4 мың отбасына жеткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар