Жыл басынан бері 608 террорист залалсыздандырылды

Яшар Гүлер 2015 жылдың 24 шілдесінен бері 40 мың 177 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

2118252
Жыл басынан бері 608 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер терроризммен күресте табандылыққа тоқталып, жыл басынан бері 608 террористтің залалсыздандырылғанын айтты.

Кахраманмарашта шейіт жанұялары, ардагерлер және олардың отбасыларымен ауызашарға бас қосқан Гүлер қаһарман түрік армиясының шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуден терроризммен күресуге, құқық пен мүдделерді қорғауға дейін кең ауқымды міндет атқарғанын айтты. Түрік армиясының көгілдір отаны халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға, кешенді оқу-жаттығулар өткізуден бастап отандық және ұлттық қорғаныс өнеркәсібін дамытуға дейін көптеген іс-шараларды қатар атқарып, үлкен жетістіктерге қол  жеткенін айтты.

Гүлер  терроризммен күресте табанды екенін түсіндірген Гүлер  «Біздің қаһарман армиямыз еліміздің және асыл ұлтымыздың құқықтары мен заңдарына шабуыл жасаған қанішерлер тобына және терроризмге қарсы күресін табандылықпен жалғастыруда» деді.

Террористтердің жанталасқанын  атап көрсеткен Яшар Гүлер осы аяда жыл басынан бері 608, 2015 жылдың 24 шілдесінен бері 40 мың 177 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар