ТҰҰМ төрағасы Наурыз мерекесіне орай құттықтау жариялады

Куртулмуш: «Наурыз жаңа бір бастаманың хабаршысы, болашаққа үмітпен қарайтын кез» деді.

2118464
ТҰҰМ төрағасы Наурыз мерекесіне орай құттықтау жариялады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуш үміт, молшылық және табиғаттың қайта жандануын білдіретін, мыңдаған жылдық терең тарихы бар Наурыз мерекесінің үлкен ынтамен тойланатынын білдірді.

Нуман Куртулмуш 21 наурыз Наурыз мерекесіне байланысты жариялаған құттықтауында Наурыздың көктем мен қайта жанданудың хабаршысы екенін, бұл мерекеде молшылық пен берекенің бөлісілгенін, сүйіспеншілік пен құрметтің нығая түскенін атап көрсетті.

Куртулмуш Таяу Шығыстан Орталық Азияға дейін әртүрлі жағрафияларда тойланатын Наурыз мерекесінің адамдар бас қосып, астарында жатқан құндылықтар мен үміттерді жаңғыртатын мереке ретінде бірлік пен ынтымақтың символы екеніне назар аударды.

Куртулмуш «Наурыз жаңа бір бастаманың хабаршысы, болашаққа үмітпен қарайтын кез келді» деді.

Вице-президент Джевдет Йылмаз болса, 21 наурыз Наурыз мерекесі себепті әлеуметтік желідегі аккаунтынан бөліскен хабарламада «Бауырластықтың және ынтымақтастың мерекесі Наурызды, көктемді қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Орта Азиядан Анадолы мен Балқанға дейін созылған ортақ мәдени жағрафиямызда ғасырлар бойы бірдей құлшыныс және толғаныспен тойлап келе жатқан, көктемнің келуі мен табиғаттың оянғанын білдіретін Наурыздың бүкіл адамзат пен елімізге бақыт пен шаттық әкелетініне сенімдімін» деді.



Ұқсас жаңалықтар