Хакан Фидан испан әріптесімен баспасөз мәслихатын өткізді

Фидан: "ЕО мүшелік үдерісі Түркия үшін стратегиялық мақсат болуды жалғастырады".

2118136
Хакан Фидан испан әріптесімен баспасөз мәслихатын өткізді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Еуроодаққа (ЕО) мүшеліктің Түркия үшін стратегиялық мақсат болу тұғырын жалғастырғанын атап көрсетті.

Хакан Фидан ресми сапармен бас қала Анкараға келген Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбареспен Сыртқы істер министрлігінде кездесуінің артынан бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Испанияның Түркияның Еуроодаққа (ЕО) мүшелік үдерісіне ең басынан шын жүректен қолдау берген елдердің бірі екенін, Еуроодақ мүшелігінің Түркия үшін стратегиялық мақсат болуды жалғастырғанын білдірген Фидан «Түркияның Еуроодақ мүшелігінің кейбір елдердің мағынасыз саяси күн тәртібіне қалдырыла алмайтындай маңызды екенін қайталадым. Испания Еуроодақ елдері ішінде Газа секторы тақырыбында алғаш күннен бастап табанды ұстаным ортаға қойған және Палестина халқын қолдайтын елдердің бірі. Испанияның бұл мақтанарлық ұстанымы Палестина мәселесінің діни және этникалық куәлігінен де асатын жаһандық бір мәселе екенін дәлелдейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар