Хакан Фидан Бірінші ядролық энергия саммитінде сөз сөйледі

Фидан Түркияның ықтимал ядролық қару жарысының алдын алу үшін аймақты ядролық қарусыздандыруға шақырғанын қайталады.

2118549
Хакан Фидан Бірінші ядролық энергия саммитінде сөз сөйледі

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияның ықтимал ядролық қару жарысының алдын алу үшін аймақты ядролық қарусыздандыруға шақырғанын қайталады.

Хакан Фидан Халықаралық атом энергиясы агенттігі мен Бельгия үкіметінің ұйымдастыруымен Брюссельде өткен Бірінші ядролық энергия саммитінде сөз сөйледі.

Фидан азаматтық ядролық энергияның энергетикалық қауіпсіздік пен климаттың өзгеруімен күрестегі рөлінің расталғанын мәлімдеді.

Фидан «Түркия қазіргі уақытта күшті таза энергия өткелімен мықты бір энергия бағытын  және ресурстарды әртараптандыру стратегиясын жүзеге асыруда » деді.

Хакан Фидан Украинадағы Запорожье атом электр стансасындағы жағдайдың алаңдаушылық тудырғанына тоқталып: «Еліміз және аймағымыз Чернобыль апатын бастан өткерді. Басқасына шыдай алмаймыз» деді.

Фидан Түркияның Запорожьедегі осындай апаттың алдын алу үшін түрлі бастамалар жасағанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар