Хакан Фидан Иракпен террормен күреске тоқталды

Сыртқы істер министрі қатысқан бір телебағдарламада сыртқы саясат күн тәртібіне тоқталды.,

2117089
Хакан Фидан Иракпен террормен күреске тоқталды

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияның аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолындағы барлық сыртқы саясат құралдарын үйлестірілген түрде пайдалануға табанды екенін атап көрсетті.

Хакан Фидан өзі қатысқан телебағдарламада сыртқы саясат күн тәртібіне тоқталып, сұрақтарға жауап қайтарды.

Ирактағы террормен күреске тоқталған Фидан «Біздің тілегіміз Сүлейманийедегі достарымыздың уақыт бар да қателерінен бас тартып, Түркиямен достық қарым-қатынастарын тарихта болғандай бүгінде нығайтып, ортақ болашаққа бірге қадам басуы» деді.

Фидан Эрбиль, Сүлейманийе, Бағдат, Киркук және Мосулда «болашақты барша бірге» құратындарын, осында террор ұйымдарына орын жоқ екенін атап, «Бұларды енді жүйемізден шығаруымыз керек. Бұлар қызмет ету мерзімін аяқтаған ұйымдар. Мен айтып отырған қалалар мен мәдениеттер ежелгі мәдениеттер және алдында осындай қауіптерді бұрын да жеңген, иншалла болашақта да жеңетін болады» деді.

«Күн тәртібінде қосымша шаралар бар ма?» деген сұраққа Фидан қайтарған жауабында «Сіз менің дұшпаныма қолдау берген сайын менен не күтесіздер? Бұл туралы ашықпыз. Бұл дұшпанның сені пайдаланып кетуіне жол бермеу менің міндетім. Мен мұны істеймін. Мұны жасағанда да айлакерлік жасамаймын, бетке айтамын. Бұдан бас тарт, себебі ол сенің мүддеңе емес, ешкімге де пайда әкелмейді. Сүлейманийе халқы Түркияның досы. Олар террор ұйымымен (PKK) байланысы бболған халық емес» деді.

Министр Фидан «Күрдістан патриоттық одағының Сүлейманийедегі басшылығы және оны құрайтын команданың PKK-мен (бөлшектеуші террор ұйымы) өзара қарым-қатынасы мен жақындығы біз үшін проблема болудан шығып, ұлттық қауіпсіздік қаупіне айналды» деді.

Фидан «Түркия аймақта тұрақтылықты сақтау үшін қолдағы бар сыртқы саясат құралдарын үйлестірілген түрде пайдалану тақырыбында табанды» деді.



Ұқсас жаңалықтар