Ердоған: "Сирияда аяқталмаған жұмысымызды міндетті түрде аяқтаймыз"

Президент Ердоған бас қала Анкарада әскерлермен ауызашар бағдарламасында бас қосты.

2117154
Ердоған: "Сирияда аяқталмаған жұмысымызды міндетті түрде аяқтаймыз"
erdogan askerle iftar.jpg
erdogan askerle iftar.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған террормен күреске қатысты «Ирак шекарамыздың қауіпсіздігіне осы жаздан бастап толық кепілдік береміз және Сириядағы аяқталмаған жұмысымызды міндетті түрде аяқтаймыз» деді.

Президент Ердоған бас қала Анкарада әскерлермен ауызашар бағдарламасында бас қосты.

«Шейіттердің қанымен суарылған өз елімізде еркін, басы тік, абыройлы және бейбіт түрде өмір сүргіңіз келсе, ойындар мен опасыз жоспарларын бұзудан басқа амалымыз жоқ» деген Ердоған бұл тұрғыдан мықты бір армияға ие болудың таңдаудан гөрі міндет екенін атап көрсетті.

Түркияның бас тартқызушы күшін әрқашан ең жоғары деңгейде ұстауға тиіс ел екенін атап көрсеткен Ердоған «Бізді дұшпандарымыздан тек өз біліміміз, өз күшіміз және біз жасаған құралдар мен мүмкіндіктер ғана қорғай алады» деді.

Ердоған мықты армияның ұлттың бірлігі мен бауырластығының ең үлкен негізі екенін атап көрсетті. Ердоған қанды террор ұйымдарына қарсы жүргізгендері қиын күресте табысқа жетуі үшін сарбаздарға жан-жақты қолдау көрсеткендерін тілге тиек етті.

Біраз уақыттан бері шыдамдылықпен жүзеге асырып келе жатқан террорды ұясында жою стратегиясының оң нәтижесін шекара ішінде және сыртында көре бастағандарын атап көрсеткен Ердоған «Операцияларымыз нәтижесінде қазір өле бастаған, тығырыққа тіреліп, жойылу алдында тұрған бұл жалдамалы қанішерлер тобының қайта күшейіп, тағы да ұлтымызға қиындық туғызуына жол бермейміз. Кімнің жобасы болса да, оңтүстік шекарамыздан тыс жерде террористік ұйымның құрылуына жол бермейміз. Біз осы жаздан бастап Ирак шекарасының қауіпсіздігіне толық кепілдік береміз және Сирияда аяқталмаған жұмысымызды міндетті түрде аяқтаймыз. Біздің мақсатымыз – балаларымызға террордың қара көлеңкесінен толық арылған, әрі жолы, әрі бақыты жарқын бір Түркия қалдыру» деді.



Ұқсас жаңалықтар