Ердоған Путинді құттықтады

Түркия Президенті Ердоған Ресей Президенті Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

2117073
Ердоған Путинді құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Президенттік аппарат жанындағы  Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Телефон әңгімесінде Ердоған Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Түркия-Ресей қарым-қатынастарындағы оң бағыттың жаңа кезеңде де барған сайын жалғасатынына сенетінін білдірді.

Президент Ердоған Түркияның Ресей-Украина соғысында келіссөз үстеліне қайта оралу үшін кез келген ықпал етуші рөлді ойнауға дайын екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар