Министр Гүлер терроризммен күреске тоқталды

Министр «18 наурыз шейіттерін еске алу күні және Чанаккале теңіз жеңісінің» 109 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.

2116385
Министр Гүлер терроризммен күреске тоқталды

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер терроризмді көзінде жою стратегиясымен үздіксіз және жан-жақты операциялар жүргізіп, террор ұйымдарына үлкен соққы бергендерін атап көрсетті.

Министр Яшар Гүлер министрлікте ұйымдастырылған «18 наурыз Шейіттерді еске алу күні және Чанаккале теңіз жеңісінің 109 жылдығына» арналған іс-шараларға қатысты.

Гүлер мұндағы сөйлеген сөзінде тарихтағы ең үлкен жеңістердің бірі «Чанаккале теңіз жеңісінің» азаттық күресінің де бастауы екенін атап көрсетті.

Республиканың екінші ғасырында Чанаккаледе көрсетілген күрес рухынан алған шабытпен Түркияны одан мықты және жарқын болашаққа жеткізу мақсатымен күш-жігердің жалғасып жатқанын атап көрсеткен Гүлер «Әлемнің түкпір-түкпірінде шиеленіс күшейіп, қақтығыстар көбейген кезеңде Түркия ретінде Қаратеңізден Африкаға, Таяу Шығыстан Кавказға дейін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін қарқынды күш салудамыз» деді.

Министр Гүлер Түрік Қарулы күштерінің шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ішкі және шекара тыс терроризммен күресте үлкен табысқа жеткеніне назар аударып «Бұрын жүргізілген шектеулі нысаналар мен уақытылы операциялардың орнына террордың көзін жою стратегиясымен өз орнына үздіксіз және жан-жақты операциялар жүргізіп, лаңкестік ұйымдарға үлкен соққы берудеміз. Егер біз дәл қазір сол аймақта болмағанда, ұйымның елімізге, ұлтымызға қарсы шабуылдары бұрынғыдай ел ішінде жалғасып, қазіргі тұрақты ортаға қол жеткізіле алмас еді. Ешкім бейбітшілік пен қауіпсіздігіміз үшін терроризммен күресіміз үшін қажымас қайрат және табандылықпен жалғасатынына күмәнданбау керек» деді.

Гүлер террормен күрес арқылы Көгілдір Отанындағы құқық пен мүдделердің де табандылықпен сақталғанын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар