Ердоған Стамбулда ауызашар бағдарламасына қатысты

Президент Ердоған Палестина жерлерінде үлкен гуманитарлық трагедия болып жатқанын атап көрсетті.

2116358
Ердоған Стамбулда ауызашар бағдарламасына қатысты

Стамбулдағы Халич конгресс орталығындағы ауызашар бағдарламасында үн қатқан президент Режеп Тайып Ердоған қасиетті Рамазан айының қақтығыстар, гуманитарлық трагедиялар және дағдарыстар болған азапты бір кезеңде өткенін мәлімдеді.

"Жақындарымыз, отбасымыз және туыс-тамырымызбен ауызашар қуанышын бөлісіп жатқанда Газа секторында және басып алынған Палестина жерлерінде үлкен гуманитарлық трагедия бар" деген Ердоған "Бір ыдыс ыстық тамақ, бір стақан таза су табудың өзі сән-салтанат болып саналатын адамзат үшін өте азапты, ұятты күндердің куәсі болып отырмыз" деді.

«Йемен, Сирия, Судан, Түркістан және Ауғанстаннан бастап, бауырларымыз осы қасиетті күндерде нағыз ауыр сынақтардан өтуде» деген Ердоған «Көңіл жағрафимыздың түкпір-түкпіріндегі бауырларымыз бұл қасиетті күндерде ауыр сынақтардан өтуде» деді.

Ердоған әділдік, бейбітшілік, ынтымақ пен езілгендер үшін жұмылдыруға бұрынғыдан да көп қажеттілік бар бір кезеңнен өтіп жатқанымызды атап көрсетті.

Рамазан айының келуімен түрік ұлтының Газа секторы және басқа да қысым көрген аймақтарға жәрдемдерін арттырғанына қуанышты екенін білдірген президент «Түркия және түрік ұлты ретінде ғасырлар бойы қиыншылық көргендерге көмек көрсетуді жалғастыратынымыздың белгілі болғанын қалаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар