Түркия Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайды

Түркия Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын қайталады.

2116192
Түркия Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайды

Сыртқы істер министрлігі «Қырымның заңсыз аннексиялануының 10 жылдығына» байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Украина құрамындағы Қырым Татар Автономиялық Республикасының 2014 жылы 16 наурызда өткен заңсыз референдуммен Ресей Федерациясының аннексиясына 10 жыл болды» делінді.

Мәлімдемеде Түркияның Қырымдағы оқиғаларды, әсіресе Қырым татар түріктерінің жағдайын мұқият қадағалайтыны және оларды күн тәртібінде ұстайтыны атап көрсетілді. Мәлімдемеде «Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдаймыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар