Хакан Фидан Газаның жағдайының өте қиын көп екенін айтты

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Газа жрмен-жексен болды. Газаның жағдайы өте қиын» деді.

2116204
Хакан Фидан  Газаның жағдайының өте қиын көп екенін айтты

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жермен-жексен болған Газаның жағдайының өте қиын көп екенін айтты.

Министр Фидан Түркия-Әзербайжан-Грузия үшжақты сыртқы істер министрлерінің 9-шы кездесуіне қатысу үшін  Әзербайжанның астанасы Бакуге барды. Жиналыста Фидан  «Бөлінген дүниені түзету» тақырыбымен өткен 11-ші Жаһандық Баку форумында қатысушыларға сөйлеген сөзінде Израильдің Газаға жасаған  шабуылдарына тоқталды.

Қазан айында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымындағы (ИЫҰ) әріптестеріне басқалардың өз мәселелерін шешуін күтудің орнына, мүше мемлекеттердің бұл мәселені өздері шешуі керектігін түсіндірген Фидан «Әйтпесе Израиль бұдан да аяусыз қатыгездік жасау арқылы бізге зұлматты ұмыттыратын болады» деді.

Хакан Фидан ИЫҰ мен Араб Лигасының кезектен тыс саммитінде құрылған Байланыс тобының күші арқасында халықаралық қауымдастықтың басым көпшілігі қазір «тез арада атысты тоқтатуды, кедергісіз гуманитарлық көмекті және екі мемлекетті шешімді» жақтайтынын атап өтті. Фидан қарқынды дипломатиялық күш-жігердің Израильдің Газадағы соғыс қылмыстарын тоқтата алмағанын айтып, бүгінде Газада 31 мыңнан астам адамның қаза тапқанын айтты.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Газа жрмен-жексен болды. Газаның жағдайы өте қиын» деді.



Ұқсас жаңалықтар