Ясин Экрем Серим екі күндік сапармен Болгарияға барды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ясин Экрем Серим Болгария Сыртқы істер министрі Ирена Димитровамен кездесті.

2116262
Ясин Экрем Серим екі күндік сапармен Болгарияға барды
serim bulgaristan.jpg
yasin-ekrem-serim-bulgaristan.jpg

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ясин Экрем Серим екі күндік сапармен Болгарияға барды. Ясин Экрем Серим ел астанасы София, Пловдив және Кырджалиде кездесулер өткізді.

Серим Болгария Сыртқы істер министрі Ирена Димитровамен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастарды бағамдады. Серим  содан кейін Пловдивке барды.

Серим Пловдивтегі тарихи «Cumaya» мешітін аралап, Пловдив аймақтық мүфтилігімен бас қосты. Мұндағы сөзінде Серим «Аллаға шүкір, осы ортада барша отандастарымыздың өз болмысын, дінін жақсы өмір сүріп, оларға қол жеткізуі біз үшін бақыт» деді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Серим Пловдивте Болгарияда жұмыс істейтін түрік іскерлерімен кездесті.

Екі ел арасындағы сауда көлемінің 6,3 миллиард долларға жеткеніне назар аударған Серим оны 10 миллиард долларға жеткізгісі келетіндерін айтты.

Екі ел арасындағы жақын қарым-қатынастар аясында президент Режеп Тайып Ердоғанның Болгария сапарының күн тәртібінде тұрғанын түсіндірген Серим «Осы сапарға байланысты жоғары деңгейдегі Іскерлік кеңес отырысын өткізу және барлық мәселелерді талқылау көзделуде» лелі.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Серим түріктер мен мұсылмандар шоғырланған Кырджали  қаласына барып, аймақтық мүфтилік ұйымдастырған ауызашар бағдарламасына қатысты.

Мұндағы сөйлеген сөзінде  Серим «Бүгінгі таңда дүние жүзінде болып жатқан соғыстар, қақтығыстар мен толқулар қауымаралық ынтымақ, өзара төзімділік және келісім мәдениетінің бұрынғыдан да қажыт» деді.

Серим Болгариядағы кездесулерін Кырджалидегі аймақтық мүфтилік кеңсесін аралап аяқтады.



Ұқсас жаңалықтар