ТИКА-ның  Палестинаға жәрдемдері жалғасуда

ТИКА Рамазан азық-түлік пакеттерін  Палестина Қорлар және Дін істері министрлігіне тапсырып берді.

2115702
ТИКА-ның  Палестинаға жәрдемдері жалғасуда

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Палестинаның түрлі қалаларындағы босқындар лагерінде қалған 1000 отбасына жеткізілуі үшін Палестина Қорлар және Дін істері министрлігіне Рамазан азық-түлік пакеттерін тапсырып берді.

Израиль жаулауы астындағы Батыс Шерияда жылдарға созылған басып алу саясаты салдарынан экономикалық қиындықтар Газада 7 қазанда басталған соғыстан кейін еселеп артуда.

Соғыстан кейін жұмыссыздық пен кедейліктің артуына қоса Дженин, Тулкарим, Калкилья, Тубас, Наблус және Рамалла сияқты қалаларға және әсіресе осы қалалардағы босқындар лагерлеріне қысым мен шабуылдар да күшейе түсуде.



Ұқсас жаңалықтар