Ердоған партиясының Шырнак митингісінде сөз сөйледі

Ердоған «Біз оңтүстік шекарамызда жасай бастаған қауіпсіздік дәлізімен айналамыздағы өрттің елімізге таралуын толығымен болдырмаймыз»деді.

2114976
Ердоған партиясының Шырнак митингісінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған «Оңтүстік шекараларымызда жасай бастаған қауіпсіздік дәлізімен айналамыздағы өрттің елімізге таралуына толық тосқауыл қоямыз» деді.

Президент , Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының Шырнак митингісінде сөйлеген сөзінде терроризммен күреске тоқталды.

«Біз оңтүстік шекарамызда жасай бастаған қауіпсіздік дәлізімен айналамыздағы өрттің елімізге таралуын толығымен болдырмаймыз» деген Ердоған  Түркияны осы отқа тартатын лаңкестік ұйымдар мен ел шекаралары арасында тосқауыл қою арқылы арам пиғылдылардан арақашықтық сақтап отырғандарын айтты.

Ердоған Түркияның ресурстарын пайдалану үшін кешеге дейін ұшақтан танкке, тікұшақтан радарға дейін көптеген қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін сатқандардың енді қазір түрік өнімдерін ала бастағанын айтты.

Президент Ердоған  «Жылдар бойы елімізді нарық, халқымызды арзан жұмыс күші, жерімізді арзан шикізат көзі деп санағандар қазір біздің нарыққа айналды. Яғни, ойынды кері қайтардық» деді.



Ұқсас жаңалықтар