Ердоған елшілермен ауызашар бағдарламасында бас қосты

Ердоған «Израиль билеушілері геноцидтің шындығын жасыруға тырыспай, Газада қайтыс болған сәбилер үшін жауап беруі керек» деді.

2114547
Ердоған елшілермен ауызашар бағдарламасында бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Ердоған елшілермен ауызашар  бағдарламасында бас қосты.

Ердоған бейбітшілік айы болған Рамазанды (11 наурыз – 9 сәуір) жақын маңдағы, әсіресе Газадағы оқиғаларға байланысты қайғымен қарсы алғандарын білдірді.

Ердоған «Израильдің Газа мен басып алған жерлерінде 5 айдан бері жалғасып келе жатқан шабуылдарында 32 мың бауырымыз қаза тапты. Сондай-ақ 73 мың палестиналық жарақат алды. Израильдің аяусыз шабуылдарының кесірінен Газа әлемдегі ең үлкен балалар мен әйелдер зиратына айналды. Біз осылай айтқанда (Израиль премьер-министрі Беньямин) Нетаньяху мен оның сыбайластары мазасыз болуда. Олар барлық әдіспен шындықтарды жасыруға тырысты. Бірақ Режеп Тайып Ердоғанның шындықты айқайлауын ешқашан тоқтата алмады» деді.

Президент Ердоған «Олар біздің өлтірушіні қанішер деп айттуымызға кедергі жасай алмайды. Израиль билеушілері геноцид шындығын жасыруға тырыспай, Газада қайтыс болған сәбилер үшін жауап беруі керек» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар