Яшар Гүлер Ирак шекарасында тексеру жүргізді

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Ирак шекарасында тексеру жүргізді.

2114923
Яшар Гүлер Ирак шекарасында тексеру жүргізді

Министрліктің әлеуметтік медиа парақшасында жасалған мәлімдемеде министр Яшар Гүлердің министр орынбасары Шуай Алпаймен бірге Шырнаққа барғаны айтылды.

Шерафеттин Элчи әуежайында қарсы алудан кейін тікұшақпен 23-ші жаяу әскерлер дивизиясы қолбасшылығына өткен министр Яшар Гүлердің тексеру жүргізгені хабарланды.

Ирактың солтүстігінде жалғасып жатқан операциялардағы соңғы жағдай туралы ақпарат алған Гүлердің аймақта атқарылатын жұмыстарға қатысты нұсқаулар бергені атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар