Bloomberg: "Түркияның әскери болмысы кеңейіп келеді"

Түркия 3 құрлықта әртүрлі елдерде әскери болмысын жалғастыруда.

2114986
Bloomberg: "Түркияның әскери болмысы кеңейіп келеді"

Түрік армиясы Сомалиден Әзербайжанға, Босния-Герцеговинадан Ливияға дейін көптеген елде ықпалды.

Түрік армиясының әлем географиясында ықпалының артып келе жатқаны АҚШ-тың «Bloomberg» әлеуметтік желісі тарапынан талқыланды. Желіде жарияланған бір мақалада Осман империясынан бері түрік әскерінің ауқымды бір алаңда болмысын сезіндіргені баса айтылды.

Мақалада түрік армиясының 50 жылдан бері Солтүстік Кипр Түрік Республикасында екеніне тоқталынып, аралдағы түрік әскерінің болмысының маңыздылығына назар аударылды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ливияға түрік теңіз және құрлық күштері жасағын жібергені еске салынды.

Түркияның Теңіз жауапкершілік аймақтарын шектеу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаны, Мақалада Ливияда Әскери дайындық пен кеңес беру қызметін жалғастырып жатқанын тілге тиек етілді.

Анкараның Жерорта теңізіндегі энергетикалық құқығы тақырыбында табанды екені хабарланды.

Катар, Әзербайжан және Сомалиде болса белсенділік танытқан түрік әскері терроризммен күрестен әскери кадрларды дайындауға, дейін көптеген тақырыпта үкіметтерге қолдау көрсетуде.

Түркияның НАТО-ның ең үлкен екінші армиясы екені еске салынған мақалада түрік армиясының Косово мен Босния және Герцеговинада Бейбітшілік күші болып маңызды бір миссияны атқарғаны да атап көрсетілді.

Мақалада Түркияның ұлттық қауіпсіздік, аймақтық қақтығыстардың шешімі және террормен күрестегі рөлі де тілге тиек етіледі.

Түрік армиясының бөлшектеуші террор ұйымдары PKK/YPG және ДАИШ-пен күрес жүргізіп жатқаны, осы себепті Сирия мен Ирактағы болмысының да кеңейгені білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар