Грекия Түркияның Байрактар ТБ2 ұшқышсыз әуе соғыс аппараттарынан үрейленуде

Грекияның Қорғаныс министрі Никос Дендиас «Грекия территориясын қамтыған ұшқышсыз әуе соғыс  аппараттарынан қорғанатын  бір қорған саламыз» деді.

2114054
Грекия Түркияның Байрактар ТБ2 ұшқышсыз әуе соғыс аппараттарынан үрейленуде

Грекияның Қорғаныс министрі Никос Дендиас Түркияның Bayraktar TB2 (Байрактар ТБ2) ұшқышсыз әуе соғыс аппараттарына қарсы «Грекия территориясын қамтыған ұшқышсыз әуе соғыс  аппараттарынан қорғанатын  бір қорған саламыз» деді.

Соңғы үш жылда әлемде және аймақта геосаяси белгісіздіктің артқанын және Грецияның әр түрлі сценарийлерге дайындалуы керек екенін түсіндірген Дендиас тілшілердің «Украина ұшқышсыз әуе соғыс аппараттары  мен  ұшқышсыз әуе соғыс аппараттарына қарсы жүйелердің маңызды рөл атқаратынын білдірді. Көрші Түркия бұл салада айтарлықтай жетістіктерге жетті. Грекияның жағдайы қандай?» деген сұраққа  орай былай жауап берді: «Осы саладағы технологиялық жаңалықтар жаһандық деңгейдегі соғыстарды өзгерткені анық. Мен Арменияға соңғы сапарым барысында қазіргі заманғы соғыс майданында ұшқышсыз  әуе соғыс аппатартарының қалай қолданылатыны туралы жан-жақты ақпарат алдым. Өздеріңіз білесіздер, бұл елдің армиясы Байрактар ТБ2 ұшқышсыз әуе соғыс аппараттарын қолданған бір армияның (Әзербайжан)  шабуылына ұшырады. Қорғаныс ынтымақтастығы үшін Армениямен бірге жұмыс істейміз.  Грекия бұл саладағы әлеуетін күшейту үшін жұмыс істеп жатыр. Біз Грекия территориясын қамтыған ұшқышсыз әуе соғыс  аппараттарынан қорғанатын  бір қорған саламыз».



Ұқсас жаңалықтар