Министр Йерликая: "9 айда 782 террорист залалсыздандырылды"

Ішкі істер министрі Али Йерликая Чорлуда халыққа үн қатты.

2113323
Министр Йерликая: "9 айда 782 террорист залалсыздандырылды"

Ішкі істер министрі Али Йерликая 2023 жылдың 1 маусым мен 2024 жылдың 29 ақпан күндері аралығында 782 террористің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Министр Йерликая кеше Текирдағтың Чорлу ауданында сөйлеген сөзінде Түркияның террормен күресін тиімді және табанды түрде жалғастырғанын білдірді.

Террористтерге қарулы және қарусыз пилотсыз әуе көліктерінің (ҚҰА) күшімен ауыр соққы берілгенін атап көрсеткен Йерликая 2023 жылдың 1 маусым күні және 2024 жылдың 29 ақпан күні аралығында жүргізілген 21 мың 153 операция арқылы 782 террористің залалсыздандырылғанын айтты.

Йерликая сөзінде соңғы 9 айда 128 лаңкестік әрекеттің алдын алғандарын да мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар