Кечели: "Газада жасалған барлық қылмыстарға Израиль үкіметі жауапты"

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжу Кечели мәлімдеме жасады.

2113258
Кечели: "Газада жасалған барлық қылмыстарға Израиль үкіметі жауапты"

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжу Кечели Израиль үкіметінің кейбір мүшелерінің мәлімдемелеріне наразылық білдірді.

Кечели Израиль үкіметі мүшелерінің мәлімдемелеріне қатысты «Х» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған хабарламада Израильдің халықаралық сот алдында «геноцид» айыбымен сотталып жатқан мемлекет екенін және Газа секторындағы Палестина халқына қарсы жасалған барлық қылмыстар үшін Израиль үкіметінің жауапты екені атап көрсетілді.

Израиль үкіметі мүшелерінің күн тәртібін өзгерту талпыныстарының бұл фактілерді жасыра алмайтынын білдірген Кечели «Адамның ар-ұжданы мен халықаралық құқық Израиль лауазымдыларының жауапқа тартылуын міндетті түрде қамтамасыз етеді» деді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Сыртқы істер министрі Катц президент Режеп Тайып Ердоғанға жала жапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар