Хакан Фидан Энтони Блинкенмен  кездесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Газадағы жағдайдың ауыр екенін айтты.

2113001
Хакан Фидан Энтони Блинкенмен  кездесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Газадағы жағдайдың ауыр екенін және жазықсыз адамдардың қайғысын жеңілдету үшін шұғыл шара қолдану керектігін айтты.

АҚШ-тағы Стратегиялық механизм жиналысы аясында  АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен  кездескен Сыртқы істер министрі Фидан Израильдің Газадағы қырғындары сияқты көптеген маңызды аймақтық оқиғалардың бір уақытта орын алғанына назар аударды.

Фидан «Халықаралық қауымдастық жазықсыз адамдардың азап шегуін тоқтата алмады. Газа тұрғындарына шұғыл гуманитарлық көмек қажет» деді.

Министр Фидан Газада атысты тоқтату және үздіксіз гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету үшін АҚШ және басқа елдермен байыппен жұмыс істеу керек екенін атап өтті.

Екі ел арасындағы қарым-қатынаста көптеген салада ынтымақтастықтың ұлғаятынын айтқан Фидан Түркияның талаптарын Америка жағына жеткізгендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар